ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Keywords:
Тірек сөздер: Елбасшымыз, ұлтаралық татулық, құндылық, достық, халық, ақындар өлеңдері т.бAbstract
Аннотация: «Қоғамның баға жетпес қазынасы болған, біз үнемі мақтан
ететін көп ұлтты халқымыздың татулығы мен бірлігін көз қарашығындай сақтау
және де нығайту Өзбекстанды өз Отаны деп білетін әрбір адамның басты
борышы », -дейді Елбасшымыз Ш.М. Мирзиёев. Иә, ұлтаралық татулық - басты
құндылығымыз. Әртүрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық пен бірлікке назар
аударсақ, оның тартар тамыры өте тереңде, тарихы әріде жатқандығын анық
танимыз. Үнемі араласа жүріп, талай тар жол, тайғақ кешулер мен ауыр
кезеңдерді біргелікте бастан өткізгеніміз мәлім. Біздің тілек-арманымыз, мақсат
мұратымыз бір, үнемі үдделес, тағдырлас. Әлеуметтік өмірде, күнделік тұрмыста
бірге жасап, біте қайнасуы, әдеби мәдени байланыстың мықтылығын бізге жетіп
келген ұлылардың ұлағатты сөздерінен, достық қарым-қатынастарынан өте
жақсы аңғарамыз.